«Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 317 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16669 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 137-бабы 2-тармағына және 429-бабының 10-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;