«Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестіктігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 131 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестіктігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10898 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестіктігін растайтын құжаттар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.