«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің кейбір мәселелері туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 21 қаңтардағы № 8 Қаулысы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 79 Қаулысымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық түрде жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 104 және «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 104 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 224 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Сақтағанов |