Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 284 Қаулысы
(2019.07.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 13 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндеттер» (Салық кодексі) Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Уәлиханов ауданының әкімі | М. Оспанов |