Ақтөбе облысының ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 3 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесі бекітілсін.
2. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2022 жылғы 13 қаңтардағы
№ 3 қаулысымен бекітілген
Ақтөбе облысының ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің
тізбесі
| № | Аудандар бойынша нысандардың атауы |
| Алға ауданы |
| 1. | «Бестамақ» оқшау су құбыры |
| 2. | «Тамды» оқшау су құбыры |
| 3. | «Үшқұдық» оқшау су құбыры |
| 4. | «Алға» оқшау су құбыры |
| Әйтеке би ауданы |
| 5. | «Комсомол» оқшау су құбыры |
| 6. | «Құмқұдық» оқшау су құбыры |
| 7. | «Үшқатта» оқшау су құбыры |
| 8. | «Жамбыл» оқшау су құбыры |
| Байғанин ауданы |
| 9. | «Қарауылкелді» оқшау су құбыры |
| 10. | «Ноғайты» оқшау су құбыры |
| 11. | «Жарлы» оқшау су құбыры |
| 12. | «Бұлактыкөл» оқшау су құбыры |
| Қарғалы ауданы |
| 13. | «Бадамша» оқшау су құбыры |
| 14. | «Әлімбет» оқшау су құбыры |