Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің құрамына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2025 жылғы 30 маусымдағы № 111 бұйрығы
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 10-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 241 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің (бұдан әрі - Қоғамдық кеңес) мүшелігіне мемлекеттік органның өкілдері ретінде:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары Әлібек Ғазизулы Ахмедьяр;
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Азамат Сағатулы Жолманов;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке іріктеу департаментінің директоры Нұрсұлтан Берікұлы Бекінов бекітілсін;
2) Қоғамдық кеңестің құрамынан С.С. Мүксімов, Е.Қ. Әбіл және Қ.С. Айтақын шығарылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі төрағасының
2025 жылғы 30 маусымдағы
№ 111 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі төрағасының
2023 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 241 бұйрығына
қосымша