Әкімдіктің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 396 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 тамыздағы № 414 Қаулысы
Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 16 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 396 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5976 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.»;
жоғарыда көрсетілген қаулы осы қаулының қосымшасына сәйкес «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
Қостанай облысы әкімдігінің
2017 жылғы 23 тамыздағы
№ 414 қаулысына
қосымша
Қостанай облысы әкімдігінің
2015 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 396 қаулысымен
бекітілген
«Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.