2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № С-26/6 шешімі
(2019.28.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2019.28.03. № С-30/2 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 30 144 876,2 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 21 940 282,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 125 860,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 623 979,2 мың теңге;
трансферттер түсімі - 7 454 755,0 мың теңге;
2) шығындар - 31 086 633,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -137 423,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 110 600,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 248 023,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 293 060,8 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 293 060,8 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 1 097 395,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 097 395,0 мың теңге.
2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52 бабының 1 тармағына сәйкес кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерінде белгіленді:
1) облыстық бюджетке төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша - 100%;
2) Көкшетау қаласының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша - 100%.
3. Қала бюджетінің шығындарында 7 560 483,0 мың теңге сомасында облыс бюджетіне бюджеттік алымдар алу қаралғандығы ескерілсін.