Денисов ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қазандағы № 61 шешімі
(2023.02.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 14 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2022.27.09. № 86 шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 16 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2022.27.09. № 86 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 16 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Денисов ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Денисов аудандық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) мәслихаттың «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 23 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6407 болып тіркелген);
2) мәслихаттың «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» мәслихаттың 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 14 мамырдағы № 32 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9183 болып тіркелген).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Денисов аудандық мәслихатының хатшысы | А. Мурзабаев |
Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2022.27.09. № 86 шешімімен тәртібі мен мөлшері жаңа редакцияда (2024 ж. 16 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)