«Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 285 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 380 «Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33404 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік біліктілік тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларында:
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) еңбек мобильділігі орталығы - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) мансап орталығы - еңбек мобильділігі орталығының функцияларын аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда орындауды жүзеге асыратын филиалы»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;