Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидалары туралы
Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 447/62-V шешімі
Осы редакция 2017 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген 1-қосымшаға сәйкес Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидалары бекітілсін.
2. Қоса берілген 2-қосымшаға сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы | Б. Солсанов |
| Астана қаласы мәслихатының хатшысы | С. Есілов |
Келісілді:
Астана қаласы Ішкі істер
департаментінің бастығы
А. Әубәкіров
2015 жылғы 23 желтоқсан
«Астана қаласының Ауыл
шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ә. Құрманғалиев
2015 жылғы 23 желтоқсан
Астана қаласы пәтер иелерінің
кооперативі «Бәйтерек»
ассоциациясының төрағасы
М. Кинжибаев
2015 жылғы 23 желтоқсан
Астана қаласы мәслихатының
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 447/62-V шешімімен
бекітілген
Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Қағида Астана қаласындағы иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету тәртібін реттейді.