Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық маңызы бар қалаларға жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн айқындау туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 31-VІI шешімі
Осы редакция 2023 жылғы 3 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 12-бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және ѳзін-ѳзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаӊтардағы Заӊыныӊ 6-бабына сәйкес, VІI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті II сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау облысыныӊ ауылдық жерге және кенттерге, аудандық маңызы бар қалаларға жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесi айқындалсын:
ауылдық жерге және кенттерге, аудандық маңызы бар қалаларға жұмыс істеу үшін жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бір жолғы төлем түрінде 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде әлеуметтік қолдау арқылы белгілеу.
2. Атырау облысыныӊ ауылдық жерге және кенттерге, аудандық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсетудiң Қағидасы осы шешiмiнiң қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ѳткен соӊ қолданысқа енгiзiледi.
| Сессия төрағасы | А. Абдолов |
| Мәслихат хатшысы | А. Наутиев |
Атырау облыстық мәслихатының
2021 жылғы 15 наурыздағы
№ 31-VII шешіміне қосымша