Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңестікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеменің 58-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Мыналар:
1) «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 431 бұйрығының;
2) «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 431 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 88 бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (Э.М. Төлеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Қ.М. Сәрсембаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.