«Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттік органдарды
Ақмола қаласына орналастыру жөніндегі мемлекеттік комиссиясының
аппараты туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 11 ақпандағы № 98 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттік органдарды Ақмола қаласына орналастыру жөніндегі мемлекеттік комиссиясын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 31 желтоқсандағы № 3811 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттік органдарды Ақмола қаласына орналастыру жөніндегі мемлекеттік комиссиясының аппараты (бұдан әрi - Комиссияның аппараты):
заңдарда белгiленген тәртiппен Жоғары және орталық мемлекеттік органдарды Ақмола қаласына орналастыруға қатысты объектiлер бойынша сәулет-қала құрылысын бақылау республикалық мемлекеттік кәсiпорнын («Ақмолақұрылысбақылау» МК) әкімінiң шешiмi бойынша коммуналдық мемлекеттік кәсiпорын етiп қайта тiркеу арқылы Ақмола қаласы әкімінiң коммуналдық меншiгiне берсiн;
«Астананы Ақмола қаласына көшiрудiң алғашқы кезеңiнде орналастыруға жататын жоғары және орталық мемлекеттік органдардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1887 қаулысына сәйкес Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшiп келген Комиссия аппаратының қызметкерлерiн тұрғын үймен қамтамасыз етсiн;
белгiленген тәртiппен Комиссия аппаратының балансындағы ғимарат пен мүлiктi Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының балансына берсiн.
2. Осы қаулының 1-тармағында көзделген шаралар аяқталған соң Комиссияның аппараты таратылсын, ол үшiн қосымшаға сәйкес құрамда тарату комиссиясы құрылсын.
Тарату комиссиясы заңдарда белгiленген тәртiппен Комиссияның аппаратын таратуды жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi таратылған Комиссия аппаратының қызметкерлерiн еңбекке орналастыруға жәрдем көрсетсiн.
4. «Ақмола қаласын дамытудың бас жоспарын және оның ықпал ету аймақтары бойынша қала реттеу құжаттарын әзiрлеу мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 17 наурыздағы № 332 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттік органдарды Ақмола қаласына көшiру жөніндегі мемлекеттік комиссиясының аппараты» деген сөздер «Ақмола қаласының әкімі» деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 11 ақпандағы
№ 98 Қаулысына
қосымша
Тарату комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Б.Ф.Досмағамбетов - Комиссия аппаратының жетекшiсi,
тарату комиссиясының төрағасы
Комиссия мүшелерi:
Т.Ж.Асанов - Комиссия аппаратының бөлiм
меңгерушiсi
К.С.Аманғалиева - Комиссия аппаратының бас бухгалтерi
С.Е.Ержанов - Комиссия аппаратының бөлiм
меңгерушiсi
А.Д.Мулькина - Қазақстан Республикасының Президентi
Iс Басқармасының аға
референт-бухгалтерi (келісім бойынша)
Л.Т.Оспанғалиева - Комиссия аппаратының референтi,
Комиссияның хатшысы
Н.М.Ыбырайым - Қазақстан Республикасының Президентi
Iс Басқармасының аға референтi
(келісім бойынша)