«Жер қойнауын пайдаланушылардың Келісім-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпаратты беру Нұсқаулығын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған
ортаны қорғау министрлігі 2000 жылғы 28 қыркүйектегі № 393-Б Бұйрығы
(2005.09.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 21 шілдедегі № 205 Бұйрығымен күші жойылды
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2005.09.09 № 90-б Бұйрығымен атауы жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған сәтінен бастап он күн күнтізбелік күн толғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 қарашасындағы № 1357 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік меншiктiкте есептелетiн және оны ғылыми, коммерциялық, оқулық тағы да басқа мақсаттарға пайдаланудың тәртібі туралы геологиялық ақпараттар жөніндегі Ережесiнiң" талаптарын жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2005.09.09 № 90-б Бұйрығымен 1 тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған сәтінен бастап он күн күнтізбелік күн толғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың Келісім-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпаратты беру Нұсқаулығы бекітілсін
2. ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2005.09.09 № 90-б Бұйрығымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланған сәтінен бастап он күн күнтізбелік күн толғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)