Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені
қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2001 жылғы 1 қаңтардағы № 1 бұйрығы
(2009.20.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2008.15.03. № 97 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2009.20.05. № 192 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені басшылыққа алуды және орындауды жариялай отырып, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
ҚР Ішкі істер министрінің 23.07.04 ж. № 428 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Ішкі істер министрінің 2008.15.03. № 97 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы, Ішкіісминнің орталық аппараты Департаменттерінің, дербес басқармаларының, Астана, Алматы қалалары, облыстардағы және көліктегі Ішкі істер департаменттерінің, Ішкіісминнің жоғары және орта арнаулы оқу орындарының, бастықтары:
1) Ішкі істер органдарындағы жұмысқа үміткерлер лауазымдар санаттары бойынша біліктілік талаптарына сай болуы керек.
2) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережеде және Нұсқаулықта жазылған талаптардың бұлжытпай орындалуын;