Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарапайым
операциялар) (Аймақтық маңызы бар Алматы - Бішкек жолын қайта жаңарту
жобасы) Қазақстандық құрауыш) Заем туралы келісім (2001 жылғы 4 маусым)
Заем нөмірі 1774-KAZ
Заем туралы Келісім (Қарапайым Операциялар)
Осы келісімді бекіту туралы ҚР Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына ҚР Үкіметінің 01.11.01 ж. № 1387 қаулысына сәйкес енгізілді
Қазақстан Республикасы (бұдан әрi "Заемшы" деп аталады) мен Азия Даму Банкі (бұдан әрi "Банк" деп аталады) арасындағы 2001 жылғы 4 маусымдағы Заем туралы келісім.
Мыналарды:
(А) Заемшы сипатталуы осы Заем туралы Келісімге 1-Қосымшада келтiрiлетін Жобаның Қазақстандық Құрауышының мақсаттары үшiн заем туралы Банкке өтiнiш жасағанын;
(В) Қырғыз Республикасы сипатталуы осы Қырғыз Республикасы мен Банк арасындағы Заем туралы Келісім (бұдан әрi Қырғыз Республикасының Заем туралы Келісімi деп аталады) сияқты дәл сол күнгi Заем туралы Келісімде келтiрiлетiн Жобаның Қырғыз Құрауышының мақсаттары үшін заем туралы Банкке өтiнiш жасағанын;
(С) Заемшы Жобаның мақсаттары үшiн Еуропа - Кавказ - Азия (ТРАКЕКА) Көлiк Дәлiзi ұйымының грант беруi туралы өтінiш жасағанын;
(D) Заемшы Жобаның мақсаттары үшiн сол сияқты жиырма бес миллион АҚШ доллары (25,000,000 АҚШ доллары) сомасына заем туралы Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкіне (бұдан әрi "ЕҚДБ" деп аталады) өтінiш жасағанын;
(Е) Банк сол сияқты Банктің қарапайым күрделi қаражатынан төменде айтылатын шарттар мен ережелер негiзiнде Заемшыға заем беруге келiскенiн назарға ала отырып;
(Ғ) Банк Қырғыз Республикасының Заем туралы Келісімiнде айтылатын шарттар мен ережелер негiзiнде Қырғыз Республикасына заем беруге келiсті. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, осы Келісімдегi тараптар мына төмендегiлер туралы келiседi:
I бап
Заемдарды Беру Ережесi; Анықтамалар
1.01-Бөлiм