Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Кенесары ханның 200 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 12 қарашадағы № 1440 қаулысы (ҚР Үкіметінің 03.04.02 ж. № 397 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Кенесары ханның 200 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 12 қарашадағы № 1440 қаулысы (ҚР Үкіметінің 03.04.02 ж. № 397 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Кенесары ханның 200 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындық туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 12 қарашадағы № 1440 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.04.02 ж. № 397 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)

Кенесары ханның қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы маңызды тарихи рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен және Ақмола облысының әкімімен келісілген 2002 жылы Кенесары ханның 200 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы ұсынысы қабылдансын.

2. Кенесары ханның 200 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

3. Комиссия Кенесары ханның 200 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

4. "2001-2002 жылдарда республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 157 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 48-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген 2001-2002 жылдар кезеңінде республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесінде:

реттік нөмірі 1-жолда "Орындалу мерзімі" деген бағанда "2001" деген сан "2002" деген санмен ауыстырылсын.

5. Ақмола облысының әкіміне жоғарыда аталған іс-шараны өткізу жөнінде қажетті қаражатты 2002 жылға арналған жергілікті бюджетте көздеу ұсынылсын.

6. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2001 жылғы 12 қарашадағы

№ 1440 қаулысына

қосымша

Кенесары ханның 200 жылдық мерейтойын дайындау

және өткізу жөніндегі республикалық комиссияның

Құрамы

ҚР Үкіметінің 03.04.02 ж. № 397 қаулысымен Құрам өзгертілді

     Мұхаметжанов                       - Қазақстан Республикасы
     Бауыржан Әлiмұлы                     Премьер-Министрінің  орынбасары,
                                          төраға
     Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы       - Қазақстан Республикасының
                                          Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
                                          келісім министрі, орынбасар
     Оразалин Нұрлан Мырқасымұлы        - Қазақстан Жазушылар одағы
                                          басқармасының бірінші хатшысы
                                          (келісім бойынша)
     Жолдасбеков Мырзатай               - Л. Гумилев атындағы Еуразия
                                          ұлттық университетінің ректоры
     Қошанов Аманжол Қошанұлы           - Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                          ғылым академиясының Қоғамдық
                                          және гуманитарлық ғылымдар
                                          бөлімшесінің хатшысы, академик
     Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы     - Астана қаласының әкімі
     Кулагин Сергей Витальевич          - Ақмола облысының әкімі
     Тілеухан Бекболат Қанайұлы         - Қазақстан Республикасының
                                          Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
                                          келісім министрлігі Мәдениет
                                          комитетінің төрағасы
     Беркiмбаева                        - Қазақстан Республикасының Білім
     Шәмша Көпбайқызы                      және ғылым министрi
     Алдажұманов                        - Қазақстан Республикасы Білім және
     Қайдар Сейсенбайұлы                  ғылым министрлігінiң Ш. Уәлиханов
                                          атындағы Тарих және этнология
                                          институты директорының мiндетiн
                                          атқарушы (келісім бойынша)

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!