Каспий теңізі қайраңының қазақстандық бөлігін игерудің 2003-2005
жылдарға арналған (І кезең) бағдарламасы жобасын жетілдіру үшін
жұмыс тобын құру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2003 ж. 17 қаңтардағы № 4-ө өкімі
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы ұсынған Каспий теңiзi қайраңының қазақстандық бөлiгiн игерудің 2003-2005 жылдарға арналған (I кезең) бағдарламасының жобасын (бұдан әрi Бағдарлама) жетiлдiру мақсатында:
1. Қосымшаға сәйкес жұмыс тобы құрылсын.
2. Бағдарлама жобасын жетілдiру жөніндегі қызметтi үйлестiру Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгіне жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Бағдарлама жобасын жетiлдiру үшiн жұмыс тобының құрамына басқа да министрлiктер мен ведомстволардың өкілдерiн тарту жөнiнде өкiлеттiктер берiлсiн.
4. Жұмыс тобы 2003 жылғы 5 наурызға дейiн Бағдарламаның түпкiлiктi жобасын әзiрлесiн.
5. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі 2003 жылғы 20 наурызға дейінгi мерзiмде белгіленген тәртiппен Бағдарлама жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсін.
6. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2003 жылғы 17 қаңтардағы
№ 4-Ө өкіміне
қосымша
Каспий теңiзi қайраңының қазақстандық бөлігін игерудің
2003-2005 жылдарға арналған (І кезең) бағдарламасы жобасын
жетiлдiру үшін жұмыс тобының құрамы
Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Иманғали Нұрғалиұлы Министрi, жетекшi
Мәсiмов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кәрiм Қажымқанұлы Министрінің орынбасары, жетекшінің
орынбасары
Школьник - Қазақстан Республикасының Энергетика
Владимир Сергеевич және минералдық ресурстар министрi
Келiмбетов Қайрат - Қазақстан Республикасының Экономика
Нематұлы және бюджеттік жоспарлау министрi
Әшiмов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Нұрғали Cәдуақасұлы және минералдық ресурстар бiрiншi
вице-министрi
Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Юрий Иванович коммуникациялар бiрiншi вице-министрi
Қарабалин - Қазақстан Республикасының Энергетика
Ұзақбай Сүлейменұлы және минералдық ресурстар вице-
министрi
Құсайынов Әбiлғазы - Қазақстан Республикасының Индустрия
Қалиақпарұлы және сауда вице-министрi
Ысқақов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрлан Әбділдаұлы ортаны қорғау вице-министрi
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Нұралы Сұлтанұлы ғылым вице-министрi
Зверьков - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Вадим Павлович iстер вице-министрi
Рахметов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Нұрлан Құсайынұлы вице-министрі
Әшитов - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Батыржан Зайырқанұлы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрi
Бижанов - Қазақстан Республикасының Төтенше
Нұрахмет Құсайынұлы жағдайлар жөніндегі агенттігі
төрағасының бiрiншi орынбасары
Жабағиев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Қожахан Көкiрекбайұлы Министрiнің Кеңсесi Өндiрiстiк сала
және инфрақұрылым бөлiмінің
меңгерушiсi
Шалғымбаев - "Қазақстанның Даму Банкi" жабық
Қамбар Басарғабызұлы акционерлік қоғамы басқармасының
төрағасы (келісім бойынша)
Исаев - Қазақстан Республикасының Энергетика
Мұсабек Исаұлы және минералдық ресурстар министрлігі
Мұнай өнеркәсiбi департаментiнің
директоры
Сафинов - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Қанатбек Бейсенбекұлы жабық акционерлік қоғамының
басқарушы директоры (келісім бойынша)
Хасанов - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Бақытжан Кеңесұлы жабық акционерлік қоғамының
басқарушы директоры
(келісім бойынша)
Крысанов - Қазақстан Республикасының Төтенше
Виктор Иванович жағдайлар жөніндегі агенттiгі
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет
департаментi мемлекеттік өртке қарсы
қадағалау басқармасы бастығының
орынбасары
Шағыров - Қазақстан Республикасының Төтенше
Айтжан Бағытұлы жағдайлар жөніндегі агенттігі Төтенше
жағдайларды мемлекеттік қадағалау,
техникалық және тау-кен қадағалау
жөніндегі департаментi мұнай-газ
өнеркәсiбiн, геология мен магистр
мұнай-газ құбырларын қадағалау
жөніндегi бөлімінің бастығы