Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Шекаралық өкілдердің қызметі туралы келісім (Астана қ., 2001 ж. 15 желтоқсанда)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасуббота, 15 декабря 2001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясуббота, 15 декабря 2001

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі
арасындағы Шекаралық өкілдердiң қызметi туралы
Келісім
(Астана қ., 2001 ж. 15 желтоқсанда)

ҚР 2015 жылғы 9 маусымдағы № 318-V Заңымен ратификацияланды

2015 жылғы 16 шілдеде күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,

тату көршілік қатынастарды дамытуға және Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының (бұдан әрі - мемлекеттік шекара) режимін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастықты қолдауға ұмтыла отырып,

тәуелсіз мемлекеттердің өз мемлекеттік шекараларын күзету жөніндегі шаралар қабылдауына ажырамас құқығын тани отырып,

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының шекара өкілдерінің шекарадағы тосын оқиғалардың туындауының алдын алуға, ал олар туындаған жағдайда - жылдам тексеруді және оларды реттеуді қамтамасыз етуге қатысу қажеттілігін атап көрсете отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының шекара өкілдері мен шекара өкілдерінің орынбасарларын Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары тағайындайды. Тараптар шекара өкілдері мен олардың орынбасарларын тағайындау туралы, олардың тегін, атын және әкесінің атын, лауазымдарын, қызмет учаскелерін және болу орындарын көрсете отырып, дипломатиялық арналар арқылы бір-біріне хабарлайды.

Шекара өкілдері орынбасарлары шекара өкілдерінің міндеттерін орындау кезінде, олардың шекара өкілдері сияқты құқықтары мен міндеттері болады.

 

 

2-бап

 

Шекара өкілдері өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына және Тараптардың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға, шекара өкілдерінің қызмет учаскелері туралы хаттамада айқындалатын мемлекеттік шекара учаскелері шегінде, осы Келісімде айқындалатын өкілеттіктерге сәйкес бір-бірімен ынтымақтаса отырып, өз міндеттерін орындайды.

Жазбаша өкілеттіктерді (үлгі-1-қосымша):

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами