Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі № 249 қаулысы
(2007.25.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 242 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесі бекітілсін.
2. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, актуарийлерге және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Зейнетақы аннуитеті шарттары
негізінде жинақталған зейнетақы
қаражаты есебінен Қазақстан
Республикасы сақтандыру ұйымдарының
зейнетақымен қамсыздандыру
ережесін бекіту туралы"
2003 жылғы 25 шілде № 249
қаулысымен бекітілген
Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде
жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен
Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының
зейнетақымен қамсыздандыру ережесі