Квитанциялардың және фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын
қолданбай қызмет көрсету кезінде тұрғындарға берілетін чектерге
теңестірілген басқа да қатаң есептілік құжаттарының нысандарын бекіту
туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті
төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы № 344 бұйрығы
(ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 19.09.04 ж. № 445;
08.11.04 ж. № 561 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы № 5 бұйрығымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 546-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 08.11.04 ж. № 561 бұйрығымен 1-тармақ толықтырылды
1. Квитанциялардың және фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданусыз қызмет көрсету кезінде тұрғындарға берілетін чектерге теңестірілген басқа да қатаң есептілік құжаттарының мынадай нысандары бекітілсін:
1) 1-қосымшаға сәйкес сақтандыру сыйлықақысын қабылдауға арналған квитанция;
ҚР ҚМ СК Төрағасының 19.09.04 ж. № 445 бұйрығымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) 2-қосымшаға сәйкес автоматтандырылмаған почта байланысы бөлімшелерінде почта жіберілімдері мен аударымдарының төлемдерін қабылдау үшін почта жіберілімін немесе почта аударымын қабылдауға арналған квитанция;
3) 3-қосымшаға сәйкес қосымша және келісілген қызметтер үшін төлемдерді, почталық төлеу белгілерін, конверттерді, тілекхаттарды, почта және халықтық тұтыну тауарларды, газеттер мен журналдарды қабылдауға арналған квитанция;
4) ҚР ҚМ СК Төрағасының 19.09.04 ж. № 445 бұйрығымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
5) 5-қосымшаға сәйкес мерзімді басылымға жазылуды қабылдауға арналған квитанция;
6) 6-қосымшаға сәйкес мерзімді басылымға қолма-қол ақшаларды қабылдауға арналған жазылу полисі;