Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жолаушыларды, багажды жәнежүктерді тасымалдау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекітутуралы
Көлік және коммуникациялар министрінің2004 жылғы 6 шілдедегі № 265-І бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен күші жойылды
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау ережесі;
2) Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жүктерді тасымалдау ережесі бекітілсін.
2. Су көлігі департаменті (Б.Қ.Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі Т.Б.Әбілғазинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
«Қазақстан Республикасының
теңіз көлігімен жолаушыларды,
багажды және жүктерді тасымалдау
саласындағы нормативтік құқықтық
актілерді бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникациялар министрінің
2004 жылғы 6 шілдедегі
№ 265-І бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының теңіз көлігіменжолаушылар мен багажды тасымалдау
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі теңіз көлігі қызметімен байланысты қатынастарды реттейді.
2. Ереженің күші теңіз тасымалы саласындағы қызметті жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға таралады.
3. Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау тасымалдау шарты негізінде жүргізіледі.