Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық
банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 2 шілдедегі N 713 қаулысы
Осы редакция ҚР 14.08.03 ж. N 817 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол жасалмайтын төлемдер жүйесiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары Бағдарламада белгiленген iс-шараларды iске асыруды қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (келiсiм бойынша) тоқсан сайын, есеп берiлетiн айдан кейiнгi айдың 5-iнен кешiктiрмей Бағдарлама iс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Yкiметiне тоқсан сайын, есеп берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей Бағдарлама iс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | | | И.Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 2 шілдедегі
N 713 қаулысымен бекітілген
Микропроцессорлық карточкалар негізінде
Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесін дамыту
Бағдарламасы
Астана қаласы, 2002 жыл