Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 9 декабря 2005
Статус
Действующийвведен в действие с 9 декабря 2005
Дата последнего измененияпятница, 9 декабря 2005

«Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің

2005 жылғы 9 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына қосымша

 

Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің

және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

 

1. "Нарықтық экономикаға көшу жағдайларында жылу энергетикасы кәсіпорындарында кадрларды бекіту жөніндегі шаралар туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 10 қазандағы № 596 қаулысы.

2. "Басқа республикалар мен шет елдерден ауылдық жерлерде жұмыс істеуге ниет білдірген жергілікті ұлт өкілдерін Қазақ ССР-іне көшірудің тәртібі және шарттары туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 18 қарашадағы № 711 қаулысы.

3. "Қазақстан Республикасында тұратын фашизмнің бұрынғы тұтқындарының құжаттарын қарау және оларға өтем төлеу жөнінде мемлекеттік білікті комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 11 шілдедегі № 768 қаулысы(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 28, 317-құжат).

4. "Халықтың көші-қоны мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 11 қаңтардағы № 34 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 2, 18-құжат).

5. "Қазақстан Республикасының халқына біржолғы ақшалай өтем төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 17 қарашадағы № 1566 қаулысы.

6. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 28 шілдедегі № 246-ө өкімі.

7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 3 қазандағы № 328-ө өкімі.

8. "Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылуы жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 мамырдағы № 568 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 18, 196-құжат).

9. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 49-50, 590-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами