Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 89 Қаулысы (2009.18.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасуббота, 2 февраля 2008
Статус
Утратил силу
утратил силу с 21 октября 2009

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 89 Қаулысы

(2009.18.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер және толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 2 ақпандағы

№ 89 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 96 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 44-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

реттік нөмірі 17-жолдың 2-бағанында «Мемлекеттік активтерді басқару туралы» деген сөздер «Мемлекеттік активтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. «Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 620 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 246-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында:

«Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігі» деген 5-бөлімнің жиырмасыншы абзацында «Мемлекеттік активтерді басқару туралы» деген сөздер «Мемлекеттік активтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:

реттік нөмірі 1.14-жолдың 2-бағанында «Мемлекеттік активтерді басқару туралы» деген сөздер «Мемлекеттік активтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.

3. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 185 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 12, 140-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

реттік нөмірі 17-жолдың 3-бағанында:

«2008 жылғы ақпан» деген сөздер «2008 жылғы сәуір» деген сөздермен ауыстырылсын;

«2008 жылғы сәуір» деген сөздер «2009 жылғы маусым» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 49-жолдың 3-бағанында:

«2008 жылғы қазан» деген сөздер «2009 жылғы қаңтар» деген сөздермен ауыстырылсын;

«2008 жылғы желтоқсан» деген сөздер «2009 жылғы наурыз» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 240-жолдың 3-бағанында «2008 жылғы қаңтар» деген сөздер «2008 жылғы ақпан» деген сөздермен ауыстырылсын.

5. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 354-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:

«3-шара. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың дамуы» деген 3.5.3-кіші бөлімнің алтыншы және сегізінші абзацтарындағы «Өңірлік» деген сөз алынып тасталсын.

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами