Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 708 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасуббота, 25 июня 2011
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясуббота, 25 июня 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 708 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылы 25 маусымдағы

 № 708 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтыру

 

1. «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі № 865 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған кешенді жоспарда:

«Еңбекпен қамту және экономиканы әртараптандыру мәселелерін шешу» деген 1-бөлімде:

«Демографиялық жағдай» деген 1-кіші бөлімде:

реттік нөмірі 3-жолдың 4-бағанындағы «Еңбекмині» деген сөз «ІІМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.

2. «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 45, 514-құжат):

2-тармақтың 2) тармақшасында «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне» деген сөздер «Ішкі істер министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақта «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» деген сөздер «Ішкі істер министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасында:

«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:

«Қаржыландыру көлемі мен көздері» деген жолда:

«27 551,2*» деген сандар «20 269,8» деген сандармен ауыстырылсын;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами