Все сервисы
Tender
Ақтөбе қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 7 шешімі
(2020.01.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37-баптарына, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 166 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 281 «Ақтөбе қаласының құрылған аудандарына атау беру туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5908 болып тіркелген, бірлескен қаулысы және шешіміне, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 84 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 1 наурыздағы № 388 «Ақтөбе қаласының ауылдарын тұрғын үй алаптарына қайта құру туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5977 болып тіркелген, бірлескен қаулысы және шешіміне сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтөбе қаласының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
2. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 4 «Ақтөбе қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-215 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Редакция документа
Демо – версия документа