Все сервисы
Tender
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 2 шілдедегі № 455 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. |
Д. Кеңбеил |
Қаржы министрінің м.а.
2026 жылғы 2 шілдедегі
№ 455 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласында тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 1215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25413 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Добавить в список основных источников в Google