Все сервисы
Tender
Қосымша 2026 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі төрағасы
2025 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 196 бұйрығына 2-қосымша
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурсты өткізу
қағидалары
(2026.12.07. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурсты (бұдан әрі - жалпы конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026.31.03. № 52 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жалпы конкурс ықпалдастырылған цифрлық жүйенің (бұдан әрі - жүйе) «eqyzmet.gov.kz» сыртқы интернет-порталында жүргізіледі.
3. Жалпы конкурсқа қатысуға тестілеу бағдарламасында белгіленген шекті мәндерден төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден, жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуден алдын ала өткен кандидаттар жіберіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін шекті мән белгіленбейді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026.31.03. № 52 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кандидат - жүйеде тіркелген және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалуға үміттенген Қазақстан Республикасының азаматы;

Добавить в список основных источников в Google