Все сервисы
Tender
Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 бұйрығы
(2026.12.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026.31.03. № 52 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 17 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
««Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) және 11) тармақшаларына, 27-бабының 2-тармағына, 28-бабының 3 және 4-тармақтарына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурсты өткізу қағидалары;
2) тармақша 2026 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурсты өткізу қағидалары;
3) тармақша 2026 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары;
4) тармақша 2026 ж. 1 сәуірге дейін қолданыста болды
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған іріктеудің қағидалары;
5) тармақша 2026 ж. 1 сәуірге дейін қолданыста болды
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

Добавить в список основных источников в Google