Введите номер документа
Прайс-лист

«Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 21 қарашадағы № 98 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 21 ноября 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 1 января 2023
Дата последнего измененияпонедельник, 21 ноября 2022

 «Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 21 қарашадағы № 98 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19679 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларда:

1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Ақша-кредит саясаты департаменті (Р.Ж. Оразалин) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.

4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы

Г. Пирматов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау

және реформалар агенттігі

Ұлттық статистика бюросы

 

Қазақстан Ұлттық

Банкінің Төрғасы

2022 жылғы 21 қарашадағы

№ 98 қаулыға

1-қосымша

 

Ең төмен резервтік

талаптар туралы қағидаларға

1-қосымша

 

 

Банктің ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің

тізбесі

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами