Все сервисы
Tender
«Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 537 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13109 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Демо – версия документа