Введите номер документа
Прайс-лист

«Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 225 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 16 марта 2023
Статус
Утратил силу
утратил силу с 29 октября 2023

«Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 225 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 903 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Бірыңғай индустрияландыру картасына өнеркәсіп салаларындағы мемлекеттік ынталандыру шараларын алуды жоспарлайтын өнеркәсіптік-инновациялық жобалар енгізіледі.»;

4-тармақ алып тасталсын;

29-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген бірыңғай индустрияландыру картасының өлшемшарттарына сәйкес келмеген кезде бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.»;

34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Жобалар осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген өлшемшартарға сәйкес келмей қалған және жоба бастамашысы себептерін көрсетіп жобаны іске асырудан бас тартқан жағдайларда өзектілендіру қорытындылары бойынша бірыңғай индустрияландыру картасынан алып тасталады.»;

1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

5-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 16 наурыздағы

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами