Все сервисы
Tender
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 12 ақпандағы № 12 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36281 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында:
1-тармақтың үшінші - алтыншы абзацтары 2026 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
37-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әзірленуі халықаралық қаржы институттарын тарту арқылы жүзеге асырылатын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеуді үйлестіруді жүзеге асыру үшін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тартуы бюджет қаражатынан қаржыландырылады.»;
62-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа