Все сервисы
Tender
«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 80 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың төртінші - жетінші абзацтары 2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны цифрлық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы цифрлық объектілерді ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту;»;
34-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«34-1) педагогтерді мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдауды жүзеге асыру үшін білім беру саласындағы цифрлық объектілерді айқындау;
36-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа