Все сервисы
Tender
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің кейбір мәселелері туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі оған «Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережеде:
15-тармақтың 17-1) тармақшасы алып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі» деген жол алып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 808 Жарлығында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Архивтің штат саны 293 бірлік мөлшерінде белгіленсін.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 5 қараша
№ 1555
Президентінің
2026 жылғы 5 қарашадағы
№1555 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 9 ақпандағы
№ 808 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві»
республикалық мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер

Добавить в список основных источников в Google