Все сервисы
Tender
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 149-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
| Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 149-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы
3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
| р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық актілердің сапасына, әзірлеу және енгізу уақтылылығына жауапты адам |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |

Добавить в список основных источников в Google