Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2012.06.01 № 528-IV ЗАҢЫ

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 27 апреля 2015
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 27 апреля 2015

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Ғарыш қызметі туралы

(2015.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1-7-баптар)

2-тарау. Ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау

(8-12-баптар)

3-тарау. Ғарыш қызметін жүзеге асыру

(13-19-баптар)

4-тарау. Ғарыш инфрақұрылымы

(20-26-баптар)

5-тарау. Ғарыш қызметінің қауіпсіздігі

(27-30-баптар)

6-тарау. Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің құқықтық жағдайы және оларды әлеуметтік қамсыздандыру шаралары

(31-35-баптар)

7-тарау. Қорытынды ережелер

(36-бап)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ғарыш айлағы - ғарыш объектілерін дайындауды қамтамасыз етуге және ұшыруды жүзеге асыруға арналған техникалық құралдар, құрылғылар, ғимараттар, құрылыстар мен жер учаскелері кешені;

2) ғарыш аппараты - ғарыш кеңістігін зерттеу және (немесе) пайдалану мақсатында ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған техникалық құрылғы;

3) ғарыш жүйелерінің ұлттық операторлары - ғарыш жүйелерін басқаруды және пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

4) ғарыш жүйесі - ғарыш кеңістігіндегі міндеттерді шешуге арналған функционалдық-өзара байланысты орбиталық және жерүсті техникалық құралдарының жиынтығы;

5) ғарыш зымыран кешені - ғарыш аппараты бар тасымалдағыш зымыранды қабылдауды, сақтауды, ұшыруға дайындауды және ұшыруды қамтамасыз ететін тасымалдағыш зымыран мен техникалық құралдардың, құрылыстардың, технологиялық жабдықтың және коммуникациялардың жиынтығы;

6) ғарыш кеңістігі - теңіз деңгейінен жүз километрден астам биіктіктегі әуе кеңістігінен тысқары жатқан кеңістік;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами