Все сервисы
Tender
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 48/НҚ бұйрығы
(2026.01.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2026 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026.14.01. № 17/НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 19) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 292) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Добавить в список основных источников в Google