Все сервисы
Tender
Өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімінің нысанын және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 82 бұйрығы
(2026.26.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2026.02.07. № 454 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қаулысының 15-тармағының 261) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жариялау және енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

Добавить в список основных источников в Google