Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.15.08 № 751 ҚАУЛЫСЫ

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілігіне сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 тамыздағы № 751 Қаулысы

 

Осы редакция 2016 жылғы 24 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі және «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілігіне сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау ережесі бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

13-тармақ мынадай мазмұндағы 55-1) тармақшамен толықтырылсын:

«55-1) мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктерді сынауды және сапасын анықтауды жүргізеді;»;

14-тармақтың 128) тармақшасы алынып тасталсын.

3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 15 тамыздағы

№ 751 қаулысымен

бекітілген

 

 

Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілігіне

сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілігіне сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі және «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами