Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 24 июля 2018
Статус
Действующийвведен в действие с 24 июля 2018
Дата последнего изменениявторник, 24 июля 2018

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 Қаулысы

 

12 жылдық білім беруге көшудің кейбір мәселелерін қараңыз

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Бағдарламаның іске асырылуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де ұйымдар (келісім бойынша):

1) Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;

2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімде Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.

1) Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

2) «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 243 қаулысы;

3) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 36, 209-құжат).

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгiне жүктелсiн.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2018 жылғы 24 шілдедегі

№ 460 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами