Введите номер документа
Прайс-лист

«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығы (2026.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 12 октября 2000
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 13 января 2026

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығы

(2026.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Президентінің 04.05.2005.ж. № 1569 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Шетелде кадрлар даярлауды одан әрi жетiлдiру және оңтайландыру мақсатында қаулы етемін:

ҚР Президентінің 04.05.2005.ж. № 1569 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

1. Қоса берілген:

1) Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия туралы ереже;

2) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамы бекітілсiн.

ҚР Президентінің 14.05.04 ж. № 1368 1-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Президентінің 04.05.2005.ж. № 1569 Жарлығымен  1-1 тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)

1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына тағайындау үшiн үмiткерлердi iрiктеу ережелерiн бекiтсiн.

ҚР Президентінің 04.05.2005.ж. № 1569 Жарлығымен  1-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Президентінің 2020.16.07. № 372 Жарлығымен 1-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)

1-2. Қазақстан Республикасының орталық жəне жергілiктi атқарушы органдарының басшылары жыл сайын 1 қыркүйектен кешiктiрмей Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның жұмыс органына «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша мамандар даярлауға өтiнiмді ұсынсын.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы № 94»Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы» қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., № 43, 515-құжат):

1-тармақта:

бiрiншi абзацта «250 халықаралық стипендиясы» деген сөздер «халықаралық стипендиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;

екiншi абзацта «Министрлер Кабинетi» деген сөздер «Үкіметі» деген сөзбен ауыстырылсын;

4-тармақта «Білім министрлiгіне» деген сөздер «Білім және ғылым министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақтың күшi жойылды деп танылсын;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами