Введите номер документа
Прайс-лист

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының ұлттық бөлігін жасақтау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 17 қазандағы № 1541 қаулысы (ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1437; 20.05.03 ж. № 467 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 17 октября 2000
Статус
Утратил силу

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының
ұлттық бөлігін жасақтау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 17 қазандағы № 1541 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1437; 20.05.03 ж. № 467
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 952 қаулысымен осы қаулының күші жойылды


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 тамыздағы № 1226 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ресей Федерациясына 2000 жылғы 18-20 маусымдағы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1437; 20.05.03 ж. № 467 қаулыларымен құрам өзгерді

1. Мынадай құрамда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының (бұдан әрі - Мемлекетаралық комиссия) ұлттық бөлігі жасақталсын:

     Әбдiрахманов            - Қазақстан Республикасының
     Есiркеп  Оңланбекұлы      Индустрия және сауда министрлігi
                               Технологияларды дамыту департаментінің
                               директоры
     Андрющенко              - Қазақстан Республикасының Индустрия
     Александр Иванович        және сауда бiрiншi вице-министрi,
                               жетекшi
     Поспелов                - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
     Николай Николаевич        министрiнiң орынбасары
     Литвинов                - Қазақстан Республикасының Сыртқы
     Михаил Константинович   iстер министрлігі ТМД iстерi жөніндегі
                             комитетiнiң төрағасының орынбасары
     Метте                   - "Қазақстан-инжиниринг" ұлттық
     Виталий Леонидович        компаниясы" ААҚ-ның президентi

2. Мемлекетаралық комиссияның ұлттық бөлігі ресей тарапымен өткізілген консультациялардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының одан әрі ықпалдасуы жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қ.Тоқаев










 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами