Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі комитетін тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы № 467 қаулысы (2012.07.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 20 мая 2003
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 21 июня 2012

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Қорғаныс
өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 20 мамырдағы № 467 қаулысы

(2012.07.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетi (бұдан әрі - Комитет) таратылсын.

2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттi таратуды жүзеге асырсын, Министрлiкке берiлетiн ұйымдастыру техникасы мен автокөлiктi қоспағанда, оның мүлкін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне берудi қамтамасыз етсiн, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.

3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыру бекітілсiн.

4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) "Қазақстан Республикасында әскери-техникалық құралдар мен eкі рет қолданылатын өнiмдердi дайындау, өндiру, жөндеу және қызмет көрсету тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 657 қаулысы;

2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн 43-тармағының өзгертулері (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж. № 35, 327-құжат);

3) "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндiру әрі сату жөніндегі лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiліктілiк талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегi № 763 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 22, 233-құжат).

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен басып күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

И. Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы Үкiметінің

2003 жылғы 20 мамырдағы № 467 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне енгiзiлетiн

өзгерістер мен толықтыру

 

1. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. ҚР Үкіметінің 18.09.03 ж. № 952 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

3. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнің тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген 2006 жылға дейiн жекешелендiруге, оның ішінде жекешелендiрудің алдын ала сатыларына жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнің тiзбесiнде:

1-тармақтағы "Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитетінің," деген сөздер "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің," деген сөздермен ауыстырылсын.

4. ҚР Үкіметінің 2008.12.03. № 243 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

5. ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 1237 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

6. ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 1237 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

7. ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 614 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами