Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы № 272 қаулысы (2025.24.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 4 марта 2004
Статус
Действующийвведен в действие с 4 марта 2004
Дата последнего изменениясуббота, 24 мая 2025

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы № 272 қаулысы

(2025.24.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2004 жылғы 4 наурыздағы

 № 272 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

 өзгерістер

 

1. ҚР Үкіметінің 2012.17.09. № 1207 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

2. ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1260 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

3. ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

4. ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

5. «Шетелдiк ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудiң күшiн жоятын конвенция (Гаага 1961 жылғы 5 қазан) ережелерiн iске асыру жөнiндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 24 сәуірдегi № 545 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 15, 191-құжат):

2-тармақта:

бесiншi абзацтағы «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Мәдениет» деген сөзбен ауыстырылсын;

жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң құрылымдық бөлiмшелерiнен және (немесе) олардың аумақтық бөлiмшелерiнен шығатын ресми құжаттарға;«.

6. ҚР Үкіметінің 2025.08.05. № 320 Қаулысымен күші жойылды (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7. «Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 11 маусымдағы № 797 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 21, 268-құжат):

2-тармақтағы «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім« деген сөздер «Мәдениет» деген сөзбен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:

«Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасының паспорты» деген 1-бөлімде «Негізгі iс-шараларды орындаушылар» деген жолдағы «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Мәдениет» деген сөзбен ауыстырылсын;

«Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:

«Орындалуына жауаптылар« деген 4-бағанда:

реттік нөмiрлерi 9, 10, 11, 15, 16, 19-жолдардағы «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Мәдениет» деген сөзбен ауыстырылсын.

8. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайту жөніндегi 2001-2005 жылдарға арналған кешендi ақпараттық бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1766 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 49-50, 594-құжат):

3-тармақтағы «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Ақпарат» деген сөзбен ауыстырылсын;

4-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары И.Н.Тасмағамбетовке» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары Г.А.Марченкоға» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайту жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған кешендi ақпараттық бағдарламада:

«Бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары» деген 9-бөлiмде:

«Iске асыруға жауаптылар» деген бағанда:

реттiк нөмiрi 15-жолдағы «МАҚКМ» деген аббревиатура «Мәдениетминi» деген сөзбен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрлерi 17, 19, 22, 27-жолдардағы «МАҚКМ» деген аббревиатура «Ақпаратминi» деген сөзбен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 25-жолдағы «МАҚКМ» деген аббревиатура «Ақпаратминi, Мәдениетминi» деген сөздермен ауыстырылсын.

9. «Ауыл мектебi» 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 4 ақпандағы № 128 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 5, 59-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл мектебi» 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:

«Ауыл мектебi» 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары» деген бөлiмде:

«Орындауға (iске асыруға) жауаптылар» деген 4-бағанда:

реттiк нөмiрлерi 20, 22-жолдардағы «МҚКМ» деген аббревиатура «Ақпаратминi» деген сөзбен ауыстырылсын;

реттік нөмiрi 21-жолдағы «МҚКМ» деген аббревиатура «Мәдениетминi, Ақпаратмині» деген сөздермен ауыстырылсын.

10. «Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 13 ақпандағы № 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 7, 78-құжат):

2, 3, 4-тармақтардағы «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Мәдениет» деген сөзбен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасында:

«Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары» деген бөлiмде:

«Орындалуына жауаптылар» деген 4-бағанда:

реттiк нөмiрлерi 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.5, 1.6, 1.7, 2.3, 2.4, 2.5, 2.6, 3.1, 3.2, 3 4, 3.5, 4.1, 4.2, 4.4, 4.5, 4.6, 5.4, 6.1, 6.2, 8.1, 9.3, 9.4, 10.1, 10.4, 11.1, 11.4, 11.5-жолдардағы «МАКМ» деген аббревиатура «Мәдениетминi» деген сөзбен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 5.2-жолдағы «МАКМ» деген аббревиатура «Ақпаратминi» деген сөзбен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрлерi 7.2, 9.1, 10.3-жолдардағы «МАКМ» деген аббревиатура «Мәдениетмині, Ақпаратмині» деген сөздермен ауыстырылсын.

11. «Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 14, 143-құжат:

4-тармақтағы «А.С.Павловқа» деген сөздер «Г.А.Марченкоға» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөнiндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламада:

«Қазақстан Республикасында Кедейлiктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары» деген 7-бөлімде:

«Орындауға жауаптылар» деген бағанда:

реттiк нөмiрi 2.1.5-жолдағы «МАҚМ» деген аббревиатура «Ақпаратминi, Мәдениетминi» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрлерi 2.6.3., 5.4.3., 6.1.7., 6.2.7-жолдардағы «МАҚКМ» деген аббревиатура «Ақпаратминi» деген сөзбен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 3.2.3-жолдағы «МАҚКМ» деген аббревиатура «Мәдениетминi» деген сөзбен ауыстырылсын.

12. ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 747 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

13. «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 34, 343-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында:

«Орындалуына жауаптылар» деген бағанда:

реттiк нөмiрлерi 3.3.6, 3.3.7-жолдардағы «МАҚКМ» деген аббревиатура «Ақпаратминi» деген сөзбен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 9.1-жолдағы «МАҚКМ» деген аббревиатура «Мәдениетминi, Ақпаратминi» деген сөздермен ауыстырылсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами