Все сервисы
Enbek
Электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтердің «цифрлық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы арқылы оларға міндетті түрде қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін сәйкестік өлшемшарттарын белгілеу қағидаларын және электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтердің «цифрлық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы арқылы оларға міндетті түрде қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін сәйкестік өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 14 шілдедегі № 410/НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 75-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтердің «цифрлық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы арқылы оларға міндетті түрде қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін сәйкестік өлшемшарттарын белгілеу қағидалары;
2) Электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтердің «цифрлық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы арқылы оларға міндетті түрде қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін сәйкестік өлшемшарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

Добавить в список основных источников в Google