Все сервисы
Enbek
Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 249 бұйрығы
(2026.24.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021.08.07. № 209 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Туризм және спорт министрінің 2024.01.10. № 169 бұйрығымен (2024 ж. 18 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2026.30.04. № 79 бұйрығымен (2026 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 8-бабының 7-1) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 155) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021.08.07. № 209 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мына:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істер комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын;