Все сервисы
Enbek
Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығы
(2026.01.08. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағы 1-17) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысының 15-тармағы 496-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026.08.07. № 330-НҚ бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2026 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі

Добавить в список основных источников в Google